Кеген ауылының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

0
242

Алматы облысында бүгін таңертең 2 балдық жер дүмпуі тіркелді.


Кеген ауылының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 09:12-де жер сілкінісі тіркелген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жатыр.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасынан 194 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылындағы жер сілкінісінің күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.

Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.